2012 жылғы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қазандағы № 6-14 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 қазанда № 2637 тіркелді. Күші жойылды - Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 07 ақпандағы № 10-12 шешімімен.

        Ескерту. Күші жойылды - Жылыой аудандық мәслихатының 2013.02.07 № 10-12 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың кезекті VI сессиясы ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Әлеуметтiк көмек тағайындауға және төлемге құқығы бар ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары айқындалсын:
      1) жалғыз басты мүгедектер;
      2) кәмелет жасқа толмаған тұл жетiмдер;
      3) жоғарғы және арнаулы оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiнде ақылы түрде оқитын тұл жетiм студенттер;
      4)жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардағы 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалар;
      5) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      6) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң есебiнде тұрған жұмыссыз азаматтар;
      7) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң сол кезде есебiнде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтiн тұлғалар;
      8) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бiр айдан ұзаққа созылған ауру) тұлғалар;
      9) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардың күндiзгi бөлiмдерiнде ақылы түрде оқитын студенттер;
      10) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардан 1 жасқа дейiнгi жасанды тамақтандырылатын балалары бар тұлғалар;
      11) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан аспайтын отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерiлуге жiберiлген тұлғалар.
      2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тiзбесi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтiк сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың VI
      сессиясының төрағасы:                      Т. Қыдырбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 М. Кенғанов

Аудандық мәслихаттың  
2012 жылғы 5 қазандағы 
№ 6-14 шешіміне қосымша

Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тiзбесi

      1) әлеуметтiк көмекке өтiнiш жасаған тұтынушының өтiнiшi;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi;
      3) алушының заңды өкiлi өтiнiшi жасаған кезде оның заңды өкiл екенiн растайтын құжатпен бiрге оның жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi;
      4) алушының салық төлеушi куәлiгi көшiрмесi;
      5) алушының әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiгi көшiрмесi;
      6) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шот бар екендігін растайтын құжат;
      7) алушының отбасы құрамын және тұрғылықты жерiн анықтайтын селолық округ әкiмдiгiнен берiлген анықтама;
      8) ауылдық, селолық әкiмi жанындағы учаскелiк комиссиямен ұсынылған отбасының әлеуметтiк, материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi;
      9) осы шешiмнiң 1-тармағында айқындалған жеке тұлғалардың санатын анықтайтын құжат.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады