Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 93 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 сәуірде № 4-3-170 тіркелді. Күші жойылды - Махамбет аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 190 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Махамбет аудандық әкімдігінің 2012.05.25  № 190 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына сай және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №  836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Махамбет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында халықтың арнайы нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындары бекітілсін.
      2. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Н. Қалиев) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арыстановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Ө. Зинуллин

КЕЛІСІЛДІ

      "Махамбет" мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының директоры                     С.Сельбаев
      2012 жылғы 20 наурыз

2012 жылғы 20 наурыздағы
№ 93 аудан әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі

Р/с

Мекемелер мен кәсіпорындар

Кәсіп (мамандық)

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы (айлар)

Айлық жалақы мөлшері, теңге

Жергілікті бюджет есебінен төленетін айлық жалақы мөлшері, теңге

1

"Махамбет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

ЭВМ операторы

2

6

20000

20000

Жүргізуші

1

6

20000

20000

Тракторшы

1

6

20000

20000

Дәнекерлеуші

1

6

20000

20000

От жағушы

12

6

20000

20000

Тазалықшы

1

6

20000

20000

Хат тасушы

1

6

20000

20000

Қарауылшы

6

6

20000

20000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады