Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 тармағының 8) тармақшасын басшылыққа алып, 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 және 28 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ азаматтарды Қарулы Күштерін жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
3. Аудандық әкімдіктің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 115 "2011 жылдың 2 сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 11 сәуірінде № 4-3-156 болып тіркеліп, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 16 (5965) және 2011 жылғы 3 қарашадағы № 45 (5994) санында жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 сәуірінен туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Арстановқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Зинуллин
"КЕЛІСІЛДІ"
Махамбет аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы Б. Қартқожақов
2012 жылғы 25 мамыр
Махамбет аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері Т. Ерпанаева
2012 жылғы 25 мамыр
Махамбет ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы Н. Исаев
2012 жылғы 25 мамыр
Аудандық әкімдігінің
2012 жылғы 25 мамыр № 182
қаулысымен бекітілген қосымша
Әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Арстанов Серік Қайырболатұлы |
Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Қартқожақов Бекболат Жұмабайұлы |
Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері:
Тәжбентаев Ануар Сайлаубайұлы |
Махамбет ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Мұстағалиева Анаргүл Сапарқызы |
Махамбет аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша); |
Жұмағазиева Гүлжан Қарабайқызы |
Медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша); |