Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 16 шілдедегі № 31 "Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттағы азаматтарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
3) Бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;
4) жалғызбасты мүгедектерге;
5) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдерге;
6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы зейнеткерлерге;
8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға.
2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
3. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О. Қайрекешева) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Жаңабаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Махамбет аудандық "Жайық Шұғыласы"
газетінің бас редакторы, аудандық
мәслихат депутаты Ерғалиев Н.Т.
2012 жылғы 22 қазан
Аудандық әкімдігінің
2012 жылғы 22 қазан № 388
қаулысына қосымша
Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы
Арстанов Серік - Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, комиссия Қайырболатұлы төрағасы;
Қайрекешева Орынша - "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және Мақсотқызы әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары;
Қартжанова Алмажай - "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және Байқуатқызы әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Ерғалиев Нұрым - Махамбет аудандық "Жайық Шұғыласы" газетінің бас Тельманұлы редакторы, аудандық мәслихат депутаты (келісім
бойынша);
Қабдолова Ажар - "Махамбет аудандық экономика және бюджеттік Серіккалиқызы жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы;
Құлмағамбетов - "Махамбет аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік Ерсайын Нұрымұлы мекемесінің бастығы;