Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 114 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 маусымда № 4-5-164 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпанадағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2013.02.25 № 40 қаулысымен. 
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № ХХХІV-2 "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Біржолғы әлеуметтік көмек келесі азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
      2) ұрыс-қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер және әскери қызметшілерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      3) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі радиациялық апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      5) Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде.
      2. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Әжіғалиев) әлеуметтік көмекті төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                С. Рысқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады