2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 94 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 маусымда № 4-5-165 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпанадағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2013.02.25 № 40 қаулысымен. 
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасын және 37 бабын басшылыққа алып, 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 және 28 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ Қарулы Күштерін жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. № 1 қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
      3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не және Миялы селолық округі әкімі апаратына Қызылқоға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына техникалық қызметшілерді № 2 қосымшаға сәйкес бөлу тапсырылсын.
      4. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 136 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 11 тамызында № 4-5-150 болып тіркеліп, аудандық "Қызылқоға" газетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 34 санында жарияланған) күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Мұқанов

Келісілді:
Аудандық орталық аурухана
бас дәрігері:                                    С. Тайшыбай
28 мамыр 2012 жыл

Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы:                     М. Ізмағанбетов

28 мамыр 2012 жыл

Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы:                               І. Хамзин

28 мамыр 2012 жыл

Аудан әкімдігінің        
2012 жылғы 28 мамырдағы № 94 
қаулысымен бекітілген № 1 қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

Шаяхметов Бибоз Байдәулетұлы

- аудан әкімінің орынбасары комиссия төрағасы;

Измағамбетов Марат Сағиұлы

- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Комиссия мүшелері:


Бисенова Айгүл Өтебалықызы

- аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);

Жазықбаев Арман Аманжолұлы

- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Хамзина Нұрзила Тұрланқызы

- аудандық аурухана медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Аудан әкімдігінің        
2012 жылғы 28 мамырдағы № 94 
қаулысымен бекітілген № 2 қосымша

2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Қызылқоға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлердің саны

р/с

Мекеменің аты

Бөлу мерзімі

Қызметкерлер саны

1

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

сәуір-маусым қазан-желтоқсан

4

2

Миялы селолық округі әкімінің аппараты

сәуір-маусым қазан-желтоқсан

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады