Халықтың нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 51 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 наурызда № 4-7-142 тіркелді. Күші жойылды - Мақат ауданы әкімінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 121 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Мақат ауданы әкімінің 2012.05.17 № 121 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасына18-1 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін меншік түріне қарамастан мекемелерде әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Бекітілген бюджет қаражаты шегінде сәйкесінше ағымдағы қаржы жылына қамтамасыз етілсін. Іс-шараны уақытылы және толық қаржыландыруды қамтамасыз ету "Мақат аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Шанғалаев) жүктелсін.
      3. Ауданның нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру "Атырау облысы Мақат аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесіне (Б.Таспаев) жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Қ. Қайненов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады