Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 73 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 сәуірде № 4-7-145 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 2731 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурызындағы № 274 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурызындағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурызындағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" және Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 наурызындағы № 63 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысын іске асыру туралы" қаулыларын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Әскери басқару органдарын жабдықтау әскерге шақыру (жиын) пунктерімен, оларды күтіп ұстауға дәрі-дәрмектермен, керек жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қайненов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады