Ай сайынғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің "аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 131 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 маусымда № 4-7-147 тіркелді. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 04 ақпандағы № 45 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2013.02.04 № 45 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137-баптарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына және 2011 жылғы 13 желтоқсандағы Мақат аудандық мәслихаты сессиясының "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № 328-IV шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттағы азаматтарға 3158 (үш мың бір жүз елу сегіз) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге;
      3) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына.
      2. Материалдық көмекті көрсету және төлеу бойынша уәкілетті органы болып "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                А. Барақатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады