Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің "аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 130 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 маусымда № 4-7-148 тіркелді. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 04 ақпандағы № 45 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2013.02.04 № 45 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 328–IV "Мақат ауданының 2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттары азаматтарға:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
      2) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      3) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Респуликасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      4) Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      5) Ауғанстандағы ұрыс-қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      7) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      8) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. Утешова) әлеуметтік көмекті төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.  Хасановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                А. Барақатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады