Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 23 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 маусымда № 2079 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 11.01.2013 № 3 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінің 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. «Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау көлемін айқындау туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 65 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2053-нөмірінде тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 8 тамыздағы 94-санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А. Мырзахметов

      Облыс әкімінің
      2012 жылғы "21" мамырдағы
      № 23 шешіміне қосымша

      Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемі

Қала, аудан атауы

Жылдық лимит, мың текше метр

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Қазығұрт

78958

3129

2

Мақтарал

963732

191649

3

Ордабасы

45774

2607

4

Отырар

46126

3753

5

Сарыағаш

270309

10430

6

Шардара

871438

77570

7

Түркістан

18622

20862

Жиыны:

2294959

310000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады