Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 11.03.2014 № 3 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінің 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған субсидиялар көлемі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. «Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау көлемін айқындау туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 23 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2079-нөмірінде тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 маусымдағы 101-102-санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б.Оспанов
Облыс әкімінің
2013 жылғы 11 қаңтардағы
№ 3 шешіміне қосымша
Аудандар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған cубсидиялар көлемі
№ |
Қала мен аудандардың атауы |
Жылдық лимит, мың текше метр |
Субсидия көлемі, мың теңге |
1 |
Қазығұрт |
79120 |
3135 |
2 |
Мақтаарал |
965660 |
192033 |
3 |
Ордабасы |
45870 |
2613 |
4 |
Отырар |
46220 |
3760 |
5 |
Сарыағаш |
270850 |
10450 |
6 |
Шардара |
890002 |
82109 |
7 |
Түркістан |
18660 |
20900 |
Жиыны: |
2316382 |
315000 |