Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 05.07.2013 № 174 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасына, «Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Облыстық аудан, қала әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Облыс әкімдігінің
2012 жылғы "3" тамыздағы
№ 230 қаулысына 1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ |
Аудандар, қалалар атауы |
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны |
Оның ішінде |
|
республикалық бюджет есебінен |
жергілікті бюджет есебінен |
|||
1 |
Арыс |
2129 |
1804 |
325 |
2 |
Бәйдібек |
1968 |
1225 |
743 |
3 |
Кентау |
2359 |
1005 |
1354 |
4 |
Қазығұрт |
3561 |
3061 |
500 |
5 |
Мақтаарал |
11423 |
8638 |
2785 |
6 |
Ордабасы |
3531 |
2355 |
1176 |
7 |
Отырар |
2000 |
1300 |
700 |
8 |
Сайрам |
6349 |
5134 |
1215 |
9 |
Сарыағаш |
10142 |
7300 |
2842 |
10 |
Созақ |
1547 |
702 |
845 |
11 |
Төлеби |
4205 |
2970 |
1235 |
12 |
Түлкібас |
3573 |
2639 |
934 |
13 |
Түркістан |
7069 |
5834 |
1235 |
14 |
Шардара |
2895 |
2143 |
752 |
15 |
Шымкент |
25057 |
7987 |
17070 |
Барлығы: |
87808 |
54097 |
33711 |
Облыс әкімдігінің
2012 жылғы "3" тамыздағы
№ 230 қаулысына 2-қосымша
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге |
||
Балабақша |
Мектеп жанындағы шағын орталық |
Шағын орталықтар (түзеу үлгiсiндегі мектепке дейінгі ұйымдардан басқа) |
18375,8 |
12 122,4 |
12 257,2 |
Облыс әкімдігінің
2012 жылғы "3" тамыздағы
№ 230 қаулысына 3-қосымша
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы |
Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
337,35 |
7084,35 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.