Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы N 2/10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 сәуірде N 14-5-130 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 ақпандағы № 7 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 04.02.2013 № 7 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» ережесiнің 2-тармағына және аудан әкiмiнiң 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 37 мәлiмдемесiне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1. Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2012 жылы бiр маманға жетпiс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшiн бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Б.Қалаубай

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 С.Спабеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады