Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы N 5 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 сәуірде N 14-5-129 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
      солтүстік бөлігінде орналасқан көшеге – "Тәуелсіздік" атауы;
      оңтүстік бөлігінде орналасқан көшеге – "Жағалау" атауы.
      2. Шыбыт ауылындағы оңтүстік бөлігінде орналасқан атауы жоқ көшеге "Шапағат" атауы берілсін.
      3. Қызылжар ауылындағы оңтүстік бөлігінде орналасқан атауы жоқ көшеге "Жауқазын" атауы берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Ауылдық округінің әкімі:
К.Ахметов

      
      
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады