Қазығұрт ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 398 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 қазанда № 2109 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 16 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 02.12.2014 № 498 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қазығұрт ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 наурыздағы № 70 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-6-95 болып тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінің 2010 жылғы 09 сәуірдегі № 26-27 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Д.Қыстауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады