Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 398 "Қазығұрт ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 498 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 2921 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 16 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 1 тармағына 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 398 "Қазығұрт ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2109 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 қазандағы "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
       кіріспедегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1–тармағының 13) тармақшасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Д.Қыстауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады