Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 31.01.2013 № 12/2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандартының 6, 11 тармақтарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1. «Ордабасы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Ордабасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 4/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-8-127 тіркелген, 2012 жылғы 10 мамырдағы «Ордабасы оттары» газетінің № 22 санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған шешiмнiң 1 тармағы келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ірі қара мал алу үшін біржолғы 92 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс VІІІ сессиясының төрағасы: С.Алтыбаев
Аудандық мәслихат хатшысы: П.С.Жұрман