Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 31.01.2013 № 12/2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандартының 6, 11 тармақтарына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ордабасы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетілсін:
1) мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттардың ішінен 80 жастан асқан адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Жеңіс күніне орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, олардың жесірлеріне, біржолғы 6,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, және де Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға, біржолғы 1,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Қарттар күніне орай - жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге, біржолғы 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Мүгедектер күніне орай – мұқтаж мүгедектерге, біржолғы 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге, біржолғы:
серуендеуге арналған қоларбаға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бөлмеге арналған қоларбаға 20,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; жасөспірімдерге және мүгедек балаларға 20,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) жекелеген санаттағы азаматтарға сауықтыру орындарына жолдама алу үшін, бір жолғы 37 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) адам қорғаныш тапшылығының қоздырғышын жұқтырған балалары бар отбасыларына, табыстарын есепке алмай, ай сайын 22 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
9) Балаларды қорғау күніне орай - үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған мүгедек балаларға, біржолғы 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, онкологиялық ауруларға шалдыққан тұлғаларға, табыстарын есепке алмай және де өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11) жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ірі қара мал алу үшін біржолғы 92 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2012.10.10 № 8/1 Шешімімен.
2. «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы К.Кулсариев
Аудандық мәслихат хатшысы П.С.Жұрман
Ордабасы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 16 сәуірдегі
№ 4/2 шешiмiне қосымша
"Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi
1. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін:
1) әлеуметтiк көмекке өтiнiш жасаған тұлғаның өтiнiшi;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшiн – туу туралы куәлiк;
3) алушының салық төлеушi куәлiгi;
4) алушының тұратын жерi бойынша тiркеудi растайтын құжат;
5) алушының банктiк шоты бар болуын растайтын құжат;
6) алушының заңды өкiлi өтiнiш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат қоса берiледi.
2. Әлеуметтік көмектің басқа түрлерін тағайындау үшін мына құжаттар қоса беріледі:
1) жекелеген санаттағы азаматтарға табыстарын есепке алмай, сауықтыру орындарына жолдама үшін:
алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
учаскелік дәрігердің медициналық картасынан үзінді;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін:
егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғаларға, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, табыстарын есепке алмай және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға:
емделуде болғанын растайтын, тиiстi медициналық ұйымнан анықтама;
ауыл округі әкімі жанындағы учаскелік комиссияның актісі.
3. Құжаттарды салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа мен көшiрмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге өтiнiш берген күнi қайтарылады.