2012 жылы жастар практикасн ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы N 26 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 ақпанда N 14-12-135 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 мамырдағы N 168 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2012.05.17 N 168 Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына, 18-2 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 қаулысына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2012 жылы өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Қ.Еспенбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Мейірбеков

      Созақ ауданы әкімдігінің
      «27» қаңтар 2012 жылғы
      № 26 қаулысымен бекітілген

      2012 жылға жастар практикасын өткізуді ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі

Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер атауы

Мамандығы

Жұмыс орындарының саны

Айлық жалақысының мөлшері

Практика  өтетін мерзімі (ай)

Қаржыландыру

1

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық  мемлекеттік кәсіпорыны Созақ филиалы

1.Есептеу техникаларымен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету 2.Құрылыс инженері

2

26000 теңге

6 ай

Республикалық бюджет

2

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің Созақ аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

1.Қаржыгер
2.Экономист


2

26000 теңге

6 ай

Республикалық бюджет

3

«Созақ аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме

Мал дәрігері

1

26000 теңге

6 ай

Республикалық бюджет

4

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Созақ аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Медициналық бике

1

26000 теңге

6 ай

Республикалық бюджет

5

«Ақ жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1.Экономист - есепші
2.Инженер

2

26000 теңге

6 ай


6

«Созақ аудандық соты» мемлекеттік мекемесі

1.Заңгер
2.Есептеу техникаларымен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету

2

26000 теңге

6 ай

Республикалық бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады