Созақ ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 44 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 шілдеде № 14-12-144 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 мамырдағы № 99 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.05.2013 № 99 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандартының 611 тармақтарына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, табыстарын есепке алмай, өтемақы алу үшін, ай сайын 22 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтiк көмек көрсетілсін.
      2. «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ аудандық мәслихатының
      VІІІ сессиясының төрағасы:                 М.Сапаров

      Созақ аудандық мәслихатының хатшысы:       М.Исаев

      Созақ аудандық мәслихатының
      2012 жылғы 27 маусымдағы
      № 44 шешіміне қосымша

      «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, табыстарын есепке алмай әлеуметтік көмек алу үшін:
      1) әлеуметтiк көмекке өтiнiш жасаған тұлғаның өтiнiшi;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшiн – туу туралы куәлік;
      3) алушының салық төлеушi куәлiгi немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
      4) алушының тұратын жерi бойынша тiркеудi растайтын құжат;
      5) алушының банктiк шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкiлi өтiнiш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат қоса берiледi;
      7) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандығын дәлелдейтін анықтама ұсынылады.
      2. Құжаттарды салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа мен көшiрмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге өтiнiш берген күнi қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады