Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармақшасына сәйкес және көше тұрғындарының пікірін ескере отырып, Рысқұлов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Азаттық ауылындағы «Қотырмахала» көшесі Сартбаев Мақұлбек атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі Х.Рсымбетов