2012 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 166 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 сәуірде N 14-15-136 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің аппаратының 2013 жылғы 1 ақпандағы № 03-228 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің аппаратының 01.02.2013 № 03-228 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 57 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Шардара ауданының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
      1) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      2) елу жастан асқан тұлғалар;
      3) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
      4) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
      5) кәсіби және техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері;
      6) жұмыссыз әйелдер;
      7) өз бетінше жұмыспен айналысушылар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Оспановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                М.Мараим


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады