Глубокое ауданындағы "Hambledon Mining Company Limited" Компаниясының "Секисовское" тау-кен кәсіпорны" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау–кен байыту кешенінің жер учаскесінің тұсында Секисовка және Волчевка өзендерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы N 133 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 шілдеде N 2580 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының "Hambledon Mining Company Limited" Компаниясының "Секисовское" тау-кен кәсіпорны" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау–кен байыту кешенінің жер учаскесінің тұсындағы Секисовка және Волчевка өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары" жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Глубокое ауданындағы "Hambledon Mining Company Limited" Компаниясының "Секисовское" тау-кен кәсіпорны" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау–кен байыту кешенінің жер учаскесінің тұсында Секисовка және Волчевка өзендерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Глубокое ауданындағы "Hambledon Mining Company Limited" Компаниясының "Секисовское" тау-кен кәсіпорны" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау – кен байыту кешенінің жер учаскесінің тұсында Секисовка және Волчевка өзендерінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е. Чернецкий) "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының "Hambledon Mining Company Limited" Компаниясының "Секисовское" тау-кен кәсіпорны" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау–кен байыту кешенінің жер учаскесінің тұсындағы Секисовка және Волчевка өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.Л. Кошелевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының бастығы Д. Тілеубаев

      2012 жылғы 08 маусым
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің директоры Т. Ерубаев

      2012 жылғы 01 маусым
      

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 133 қаулысына
қосымша

Глубокое ауданындағы "Hambledon Mining Company Limited"
Компаниясының "Секисовское" тау-кен кәсіпорны" еншілес
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау–кен байыту
кешенінің жер учаскесінің тұсындағы Секисовка және Волчевка
өзендерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

№ р/с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы,
(га)
Орташаені
(метр)
Шекарасының ұзындығы,
(шақырым)
Алаңы,
(га)
Орташа ені
(метр)
1
"Hambledon Mining Company Limited" Компаниясының "Секисовское" тау-кен кәсіпорны" еншілес жауапкер-шілігі шектеулі серіктестігінің тау–кен байыту кешенінің жер учаскесінің тұсындағы Секисовка өзені
0,95
98,4
500
0,95
7,1
35
2
"Hambledon Mining Company Limited" Компаниясының "Секисовское" тау-кен кәсіпорны" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау–кен байыту кешенінің жер учаскесінің тұсындағы Волчевка өзені
1,52
116,5
500
1,52
7,4
35

      
      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының "Hambledon Mining Company Limited" Компаниясының "Секисовское" тау-кен кәсіпорны" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау–кен байыту кешенінің жер учаскесінің тұсындағы Секисовка және Волчевка өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады