Көшелерді атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы N 1605 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы N 6/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 шілдеде № 2583 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, қалалық ономастикалық комиссиясының 2012 жылғы 30 мамырдағы қорытындысына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Өскемен қаласының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) 14 тұрғын ауданындағы:
      № 1 – Ы. Алтынсарин атындағы көше;
      № 2 – Б. Майлин атындағы көше;
      № 3 – Г. Гребенщиков атындағы көше;
      № 4 – Ә. Шәріпов атындағы көше;
      № 5 – Б. Рейш атындағы көше;
      № 6 – Ә. Байбатчин атындағы көше;
      2) А.С. Куленовтің атындағы 16 тұрғын ауданындағы:
      № 1 – В. Шаров атындағы көше;
      № 2 – Г. Флейтлих атындағы көше;
      3) 17 тұрғын ауданындағы:
      № 1 – Б. Момышұлы атындағы көше;
      4) 18 тұрғын ауданындағы:
      № 1 – Е. Курдаков атындағы көше;
      № 2 – Ә. Нұршайықов атындағы көше;
      № 3 – Н. Алексеенко атындағы көше;
      5) 19 тұрғын ауданындағы:
      № 1 – Көкжал Барақ атындағы көше;
      № 2 – Ю. Уәлиев атындағы көше;
      6) 22 тұрғын ауданындағы:
      № 1 – І. Жәнсүгіров атындағы көше;
      № 2 – Ш. Құдайбердиев атындағы көше;
      № 3 – М. Мәметова атындағы көше;
      № 4 – С. Торайғыров атындағы көше;
      № 5 – М. Жұмабаев атындағы көше;
      № 6 – Ж. Аймауытов атындағы көше;
      № 7 – Ш. Уәлиханов атындағы көше;
      № 8 – Ә. Бөкейханов атындағы көше;
      № 9 – Ә. Қашаубаев атындағы көше;
      № 10 – Р. Қошқарбаев атындағы көше;
      № 11 – С. Мұқанов атындағы көше;
      7) 23 тұрғын ауданындағы:
      № 1 – Б. Павлов атындағы көше;
      № 2 – Ж. Алдабергенов атындағы көше;
      № 3 – Д. Парий атындағы көше;
      № 4 – Г. Молодов атындағы көше;
      № 5 – А. Сумин атындағы көше;
      № 6 – Н. Шарабарин атындағы көше.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевке және Өскемен қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік, бюджет және әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.А. Құрманғалиев) жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Өскемен
      қаласының
      әкімі          С. Тәукебаев


Сессия төрағасы     А. Балтабаев



Қалалық
мәслихаттың
хатшысы             В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады