Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2013.03.05 N 1379 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7, 20 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынын зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтар көретін халықтың түрлі топтарына мемлекеттік кепілдіктер көрсету және қолдау көрсету жүйесін кеңейту мақсатында, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2012 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің тізімі бекітілсін (1-қосымша).
2. Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар тізімі белгіленсін (2-қосымша).
3. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жұмысшылардың жеке санаттарына (мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, 18 жасқа толмаған тұлғаларға) еңбек еткен уақытына тепе-тең төлеммен жарты күн жұмыс істеу мүмкіндігін беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың ыңғайлы нысаналарын қолдану ұсынылсын.
4. «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаланың кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етсін, ақылы қоғамдық жұмыстарға қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыздар есебінде тіркелген азаматтарды жолдасын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е. Старенковаға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі А. ГЕНРИХ
Курчатов қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 929 қаулысына қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысын төлеу мөлшерлері мен қаржыландыру көздері, нақты жағдайлары, көлемі, түрлері, 2012 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің тізімі
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Орындалатын жұмыстардың көлемі |
Жұмыс орындарының саны |
Қаржыландыру көздері мен еңбекке ақы төлеу мөлшерлері |
|
бюджет |
жұмыс беруші |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу; аумақты тазалау, аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және абаттандыру |
25-30 құжат |
15 |
Курчатов қаласы бюджеті |
- |
2 |
«Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволарына қарасты мемлекеттік мекемелер: |
Жөндеу жұмыстары, аумақты тазалау; корреспонденцияларды жеткізу, мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек; балаларға психологиялық көмек көрсету жұмыстарына қатысу; мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуде көмек көрсету |
10 тонна қалдық |
15 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
3 |
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды тіркеу, сканерлеу, шығару, корреспонденцияларды жеткізу |
15-20 құжат |
2 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
4 |
«Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу; әлеуметтік көмек алушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеруде көмек; әлеуметтік көмек алушылардың мәлімет базасын түзеуде көмек; жұмыстарын жоғалтқан азаматтарға психологиялық көмек көрсету |
500 құжат |
5 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
5 |
«Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық жұмыстарды түгендеуде көмек; аумақты тазалауда тұрғын-үй коммуналдық ұйымдарға көмек; экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және абаттандыру |
20-25 құжат |
15 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
6 |
«Курчатов қаласының ауыл шаруашылық, ветеринария и жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу; дәнді және көкөніс өсіру бойынша қысқа маусымдық жұмыстар |
15-20 құжат |
10 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
7 |
«Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу |
10-15 құжат |
3 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
8 |
«Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу |
5-10 құжат |
5 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
9 |
Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қалалық соты |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, қадағалау өндірісін тігу, корреспонденцияларды жеткізу |
15-20 құжат |
5 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
10 |
Курчатов қаласының прокуратурасы |
Қадағалау өндірісін тігуде көмек көрсету, мұрағаттық құжаттар мен жұмыс |
15-20 құжат |
4 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
11 |
«ҚР ҚМ СК Шығыс Қазақстан облысы СД Курчатов қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Салықтық хабарламаларды тіркеуге көмек көрсету, сақтау мерзімі бойынша жойылуға жататын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салықтық істерін дайындау бойынша мұрағат жұмысында көмек көрсету, корреспонденцияларды жеткізу; жергілікті салық есебін жүргізу үшін аулаларды аралауға қатысу |
20-25 құжат |
3 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
12 |
Курчатов қалалық жәрдемақы мен зейнетақы төлеу бөлімшесі (келісім бойынша) |
Материалдарды тігуде көмек көрсету, мұрағаттық құжаттарымен жұмыс |
20-25 құжат |
2 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
13 |
«Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу; аумақты тазалау |
20-25 құжат |
4 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
14 |
«Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің Курчатов қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен, картотекамен жұмыста көмек, корреспонденцияны жеткізу; консъерж жұмысы |
15-20 құжат |
14 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
15 |
ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Курчатов қалалық қылмыстық-атқару инспекциясы |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияны жеткізу; түсіндірме хатпен, анықтама дайындауда, шақыру қағазын жазуға көмек |
5-10 құжат |
2 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
16 |
«Шығыс Қазақстан облысының статистика Департаменті Курчатов қаласының статистика баскармасы» ММ |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденциялар жеткізу |
5-10 құжат |
2 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
17 |
«Курчатов қалалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі |
Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарға көмек; газет-журналдарды тігу, корреспонденцияларды жеткізу |
5-10 адам |
2 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
18 |
Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бөлімі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу |
5-10 құжат |
2 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
19 |
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қорғаныс бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Шақыру қағаздарын тарату, шақырушылардың жеке істерін рәсімдеуде көмек |
5 шақыру қағазы |
2 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
20 |
«Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Қала көшелері мен жолдарын ұстау бойынша жұмыстар; қатты-тұрмыс қалдықтарын көму және орналастыру |
2 км. 1 рет |
11 |
Курчатов қаласы бюджеті |
2,5 мың теңге |
21 |
Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов қаласы көп салалы пайдалану кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Аумақты абаттандыру бойынша жұмыс; маусымдық жылу жұмыстары; корреспонденцияларды және хабарламаларды жеткізу |
10 іс-шаралар |
5 |
Курчатов қаласы бюджеті |
3,0 мың тенге |
22 |
«Қалалық мәдениет үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Аумақты тазалау |
50-100 ш.м. |
6 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
23 |
Курчатов қаласы «Достық үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын |
Мәдени-шаралар қызметін ұйымдастыру |
5-10 іс-шаралар |
3 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
24 |
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау Департаментінің «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
Көгаландыру және абаттандыру; аумақты тазалау |
10 көшет |
3 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
25 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының «Радияциялық қауіпсіздік және экология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорын |
Аумақты көгаландыру және абаттандыру бойынша жұмыстар; маусымдық жылыту жұмыстары |
100-150 ш.м. |
3 |
Курчатов қаласы бюджеті |
8,0 мың теңге |
26 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының «Атомдық энергия институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны |
Аумақты көгаландыру және абаттандыру бойынша жұмыстар |
100-150 ш.м. |
5 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
27 |
Қазақстан Республикасы Әділет басқармасы сот актілерін орындау бойынша Комитеті Шығыс Қазақстан облысы Департаментінің сот актілерін орындау бойынша Курчатовтық аумақтық бөлімшесі» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық және ағымдағы құжаттармен жұмыста көмек, корреспонденцияларды жеткізу |
10-15 құжат |
2 |
Курчатов қаласы бюджеті |
|
Барлығы: |
150 |
---|
Курчатов қаласының әкім
аппаратының басшысы А. Глазинский
Ескерту: 2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуге қала бюджетінде көзделген қаражаттар шегіне байланысты қатысушылар саны, қатысу мерзімі және ұйымдар тізімдері сұраныстар мен ұсыныстарға сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Аталған тізімде ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын қала кәсіпорындарында, ұйымдармен мекемелеріндегі нақты жағдайлар: жұмыс аптаның ұзақтығы 5 күнді құрайды. Демалыс күндер - Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген сенбі, жексенбі, мереке күндері. Еңбекке ақы төлеу нақты атқарылған кезеңге, жұмыс уақытын есепке алу табелінде көрсетілген орындалған жұмыстардың сапасына, санына және күрделілігіне байланысты жұмыссыздардың дербес шотына аудару тәртібімен жүргізіледі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқамалық, арнайы киіммен, құралдармен қамтамасыз ету, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік төлем жүргізу, жарақаттану немесе денсаулыққа зиян келтіру бойынша шығынды өтеу, зейнетақы және әлеуметтік аударылымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Жұмысшылардың жеке санаттарына (мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, 18 жасқа толмаған тұлғаларға) еңбек еткен уақыты, осы санаттағы еңбек ерекшеліктерін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшы арасында бекітілген жеке еңбек шартында қарастырылады.
Курчатов қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 929 қаулысына 2 қосымша
Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар
тізімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2012.10.29 N 1211 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрмысы төмен азаматтар;
2. 21 жасқа дейінгі жастар;
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалармен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты көп балалы ата–аналар;
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғасы бар азаматтар;
6. Мүгедектер;
7. Зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуыға екі жыл қалғандар);
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарынан босаған тұлғалар;
9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босаған тұлғалар;
10. Оралмандар;
11. Есірткіге тәуелді және АҚТҚ инфекциясымен ауыратын тұлғалар;
12. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
13. Өндірістің ұйымдастырылуының өзгеруіне байланысты, соның ішінде жұмыс көлемі қайта ұйымдастырылған және (немесе) қысқартылған кезде толық емес жұмыс тәртібінде жұмыспен қамтылған;
14. 50 жастан асқан әйелдер;
15. 55 жастан асқан ерлер;
16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
17. Жұмыс беруші - занды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
18. Қылмыстық-атқару инспекциясының сынамалау қызметінің есебінде тұрған тұлғалар.
Курчатов қаласының әкімі
аппаратының басшысы А. ГЛАЗИНСКИЙ