Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2013.03.05 N 1379 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20 бабына, 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту» Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген халықтың түрлі топтарын қолдау және мемлекеттік кепілдік жүйесін кеңейту мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Курчатов қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы «2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» № 929 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2012 жылдың 25 қаңтарында № 5-3-115 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 02 ақпандағы № 5 (859) «7 дней» газетінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
осы қаулының 2 қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А. ГЕНРИХ
Курчатов қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 29 қазандағы
№ 1211 қаулысына қосымша
Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар
тізімі
1. Тұрмысы төмен азаматтар;
2. 21 жасқа дейінгі жастар;
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалармен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты көп балалы ата–аналар;
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғасы бар азаматтар;
6. Мүгедектер;
7. Зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуыға екі жыл қалғандар);
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарынан босаған тұлғалар;
9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босаған тұлғалар;
10. Оралмандар;
11. Есірткіге тәуелді және АҚТҚ инфекциясымен ауыратын тұлғалар;
12. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
13. Өндірістің ұйымдастырылуының өзгеруіне байланысты, соның ішінде жұмыс көлемі қайта ұйымдастырылған және (немесе) қысқартылған кезде толық емес жұмыс тәртібінде жұмыспен қамтылған;
14. 50 жастан асқан әйелдер;
15. 55 жастан асқан ерлер;
16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
17. Жұмыс беруші-занды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
18. Қылмыстық-атқару инспекциясының сынамалау қызметінің есебінде тұрған тұлғалар.