Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.05.2018 № 20/153-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 381-бабы, 386-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 17-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V Курчатов қалалық мәслихатының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2828 нөмірімен тіркелген, облыстық "7 дней" газетінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 4 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1-қосымшаға сәйкес Курчатов қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Х. Түсіпбаев Г. Қарымбаева |