Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы N 511 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 қыркүйекте N 2675 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы N 216 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 26.03.2013 N 216 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7232 нөмірімен тіркелді), Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалпы алаңының бір шаршы метріне ай сайынғы төлем мөлшері осы қаулының  қосымшасына сай белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары А.Т. Хосчановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Риддер қаласының әкімі                     М. Сапарғалиев

2012 жылғы 21 тамыздағы № 511
қаулысына қосымша

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
жалпы алаңының бір шаршы метріне ай сайынғы төлем мөлшері

      Төлем мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      А=Ц1 : Т : 12 ай + Р

      ондағы:
      А – кондоминиум объектiсiнің құрамына жатпайтын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері, айына 1 шаршы метр үшін теңге;
      Ц1 – 20 жылдан астам пайдаланылған тұрғын үйлер үшін тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрінің құны, теңгемен;
      Т – ғимараттың қызмет ету есептік мерзімі, жыл;
      Р – тұрғын үйді (тұрғын ғимараты) күтуге қажетті төлемінің сомасы, айына 1 шаршы метр үшін теңге.

№ р/р

Үйдің мекенжайы

Төлем мөлшері

1

Островский көшесі, 86

39 (отыз тоғыз) теңге 85 (сексен бес) тиын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады