Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 28.03.2018 № 22/12-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 18.10.2016 № 6/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” 422 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 18.10.2016 № 6/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-4 “Бильярд үстеліне тіркелген жиынтық салықтың ставкасының мөлшері туралы” (2009 жылы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-87 нөмірімен тіркелген, “Абай елі” газетінің 2009 жылғы 10-31 қаңтардағы № 2 (060) санында жарияланған) және аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-5 “Ұтыссыз ойын автоматтарының жиынтық тіркеу салығын белгілеу туралы” (2009 жылғы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-88 нөмірімен тіркелген, “Абай елі” газетінің 2009 жылғы 10-31 қаңтардағы № 2 (060) санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 5-8 “Тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерін бекіту туралы” шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Кәрібаев |
Абай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Т. Аманғазы |
Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 тамыздағы № 6-3 шешіміне қосымша |
Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 18.10.2016 № 6/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
рет | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бильярд үстелі | 3 |
2 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
4 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
5 | Ойын жолы | 5 |
6 | Карта | 2 |