Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 тамыздағы N 6-3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қыркүйекте N 2646 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22/12-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 28.03.2018 № 22/12-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 18.10.2016 № 6/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” 422 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 18.10.2016 № 6/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-4 “Бильярд үстеліне тіркелген жиынтық салықтың ставкасының мөлшері туралы” (2009 жылы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-87 нөмірімен тіркелген, “Абай елі” газетінің 2009 жылғы 10-31 қаңтардағы № 2 (060) санында жарияланған) және аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-5 “Ұтыссыз ойын автоматтарының жиынтық тіркеу салығын белгілеу туралы” (2009 жылғы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-88 нөмірімен тіркелген, “Абай елі” газетінің 2009 жылғы 10-31 қаңтардағы № 2 (060) санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 5-8 “Тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерін бекіту туралы” шешімінің күші жойылсын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Кәрібаев
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы

  Абай аудандық мәслихатының
2012 жылғы 21 тамыздағы
№ 6-3 шешіміне қосымша

Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 18.10.2016 № 6/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бильярд үстелі

3

2

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

4

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

5

Ойын жолы

5

6

Карта

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады