Ескерту. Күші жойылды - Шығыс қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2012.08.21 N 6-3 шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-2 Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына сәйкес ұтыссыз ойын автоматтарының жиынтық тіркеу салығының айлық ставкасы бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматына 1 (бір) еселенген айлық есептік көрсеткіш, біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматына 1 (бір) еселенген айлық есептік көрсеткіш, ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес комьпютерге 1 (бір) еселенген айлық есептік көрсеткіш шектерінде бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3-5 "Ақшасыз ұтыс ойын автоматтарымен (1 экранға) қызмет көрсететін кәсіпкерлердің жиынтық тіркеу салығын белгілеу туралы" (18.01.2008 жылғы мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-5-63, "Абай елі" газеті № 2-3 (036-037) 15 қаңтар-15 ақпан 2008 жылғы) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және Шығыс Қазақстан облысы әділет департаменті Абай ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы: Б. Тілеубай
Абай аудандық мәслихатының хатшысы: Т. Аманғазы