"Тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 тамыздағы № 6-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 6/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 1 қарашада № 4725 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22/12-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 28.03.2018 № 22/12-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 тамыздағы № 6-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2646 болып тіркелген, 2012 жылғы 15-22 қыркүйектегі № 35 "Абай елі" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы";
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Мұқатаев
      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

  Абай аудандық мәслихатының
2016 жылғы 18 қазандағы
№ 6/5-VІ шешіміне қосымша

Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшері

рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)
 

1

Бильярд үстелі

3

2

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

4

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

5

Ойын жолы

5

6

Карта

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады