Ескерту. Күші жойылды - Шығыс қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2012.08.21 N 6-3 шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-2 Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына сәйкес бильярд үстеліне тіркелген жиынтық салықтың айлық ставкасы 3 (үш) еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3-8 “Бір бильярд үстеліне тіркелген жиынтық салықтың ставкасының мөлшері туралы” (22.01.2008 жылғы мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-5-66, “Абай елі” газеті № 4 (038) 15-29 ақпан 2008 жылғы) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және Шығыс Қазақстан облысы әділет департаменті Абай ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Б. Тілеубай
Абай аудандық мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы