Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 22.06.2018 № 25/6-VІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 546-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай ауданы бойынша қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге бірыңғай айлық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 тамыздағы № 6-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2646 болып тіркелген, 2012 жылғы 15-22 қыркүйек "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі;
2) "Тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 тамыздағы № 6-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 6/5-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4725 болып тіркелген, 2016 жылғы 8-15 қараша "Абай елі" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі 2016 жылғы 11 қарашада жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы |
Е. Лдибаев |
Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22/12-VІ шешіміне қосымша |
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
7 | Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |