Аягөз ауданының Ақшәулі ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 мамырдагы N 285 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 28 мамырда N 5-6-163 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қазандагы N 554 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 24.10.2012 N 554 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Ақшәулі ауылдық округінде ұсақ мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданының Ақшәулі ауылдық округінде ұсақ мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (Б. Мусафирбеков), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Е. Қуанышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Ә. Мұхтарханов
 

      Келісілді:

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Аягөз аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Б. Мусафирбеков

      18 мамыр 2012 жыл

      Аягөз аудандық санитарлық
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Д. Жұмақанов

      18 мамыр 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады