Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012.10.03 N 532 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз аудандық аумақтық инспекция бастығының 2012 жылғы 20 тамыздағы № 401 ұсынысының негізінде, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданының Өркен ауылдық округінің Өркен ауылында ұсақ мүйізді малдары арасында пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (Б. Мусафирбеков), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Е. Қуанышевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов
«КЕЛІСІЛДІ»
Аягөз аудандық
аумақтық инспекция бастығы Б. Мусафирбеков
2012 жылғы 29 тамыз
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы Д. Жұмаханов
2012 жылғы 29 тамыз