2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы N 676 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда N 2818 болып тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы N 382 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 10.12.2013 N 382 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5)-тармақшасына20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 678-тармақтары негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2013 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде жасалсын.
      3. «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Ұ. Мұстафаев) заңнамалық талаптарға сәйкес ауданның кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылдың 23 желтоқсандағы № 938 «2012 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-6-153 2012 жылдың 26 қаңтарында тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2012 жылғы 01 ақпандағы № 12-13 (10095-10096) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары С.А. Ысқақовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Аягөз ауданының әкімі                      Ә. Мұхтарханов

Аягөз ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 676 қаулысына қосымша

2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар мен
мекемелердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемдері,
қаржыландыру көздері және нақты шарттары

№ р/р

Ұйымдар аты

Қоғамдық жұмыс
түрлері

Атқарыла-
тын
жұмыстар
көлемі

Сұраныс
(жария-
ланған
қажет-
тілік,
орындар
саны)

Ұсыныс
(бекітілді,
орындар
саны)

Қаржы-
ландыру
көзі

1

Аягөз ауданының ауылдық және кенттік әкім аппараттары

Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды (тұрғындардың санағын, әлеуметтік сауалнама, әр шаруашылық кітаптарын түгендеуге, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмысына, салық органдарына көмек) өткізуге көмек, ветеринарлық-санитарлық профилактикалық іс-шараларға қатысу, көпірлерді, су өткізетін құбырларын тазалау, табысы аз азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсету, малдарды бордақылау, малдарды күтіп-бағу, құстарды өсіру, көкөністер мен дәнді дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімді маусымдық жұмыстар, ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес

6650 ауланы тазалау, пошталық кіріс құжаттарын тіркеу және істерді рәсімдеуге көмектесу

120

120

жергілікті бюджет

2

«Шығыс Қазақстан облысы сот актілерін орындау Департаментінің Аягөз аумақтық сот орындаушылар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)

Кіріс құжаттарын тіркеуге көмектесу

1500 сот актілерін тіркеу,460 іс-қағаздары, 300 өтініш-арыздар

8

8

жергілікті бюджет

3

«Қалалық үйкомшарқұрылыс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Қала тазалығы, әлеуметтік мәдени объектілерді, құрылыс жұмыстары, сәулет, ескерткіштер, кешен аумақтарын қалпына келтіру, мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, шаруашылық жұмыстар, жол жөндеу апатқа дейін алдын-ала су тасқынына қарсы көктем-күз айларында шараларды өткізуге қатысу

1868 мың шаршы метр, мерекелерге алаңды дайындау, қала бойынша күл-қоқыстан тазартылуы

219

219

жергілікті бюджет

4

«Аягөз су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

Су құбырлары, канализация жүргізу жұмыстарына байланысты қосалқы жұмыстар, бас каналдардың көздерін, арық, өзендерді тазалау жұмыстары

364 құдықты жөндеу жұмыстары

24

24

жергілікті бюджет

5

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөнінде орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Аягөз филиалы

Мұрағатқа құжаттар өткізу жұмыстары,электрондық базаға құжаттар енгізу,мекен-жай тіркелімі мен жылжымайтын мүлік тіркелімі бойынша деректерді үйлестіру жұмыстарына көмек

16000 жылжымайтын мүлік істерін мемлекеттік электрондық деректер қорына енгізу

8

8

жергілікті бюджет

6

«Аягөз ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)

Әскерге шақырушылардың құжаттарын рәсімдеу

50 істен, 50 әскерге шақырылушыны шақыру

9

9

жергілікті бюджет

7

«Аягөз ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)

Хабарламаларды тарату, сұраныстарды таратып жауабын алу, мұрағат құжаттарын түгендеуге қатысу, салық төлеу нөмірі мағлұматтарын салыстыру жұмысы

14500 хабарлама, 5000 хат, хабарлама

20

20

жергілікті бюджет

8

«Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру жұмыстары, киім ілгіш қызметі, хат-хабарламаларды жеткізу

50 - 60 құжат

4

4

жергілікті бюджет

9

«Ақтоғай коммуналдық шарушылығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

Аумақ тазалығы,құрылыс жұмыстарына, әлеуметтік мәдени объектілерді жөндеуге қатысу, шаруашылық жұмыстар,жол жөндеу, апатқа дейін алдын-ала су тасқынына қарсы шараларды өткізуге қатысу

620 мың шаршы метр, мерекелерге алаңды дайындау, кент бойынша күл-қоқыс шығару

20

20

жергілікті бюджет

10

«Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Барлық түскен өтініштерді тіркеуге көмектесу, науқандық жұмыс

3200 өтініш, өтініштерді тіркеу

10

10

жергілікті бюджет

11

«Аягөз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Жеке тұлғаларды тіркеу базасына арналған әділет басқармасынан мәліметтерді жинауға қатысу, тұрғындарға хабарлама тарату, жәрдемақы алушыларды журналға тіркеу, мал басы санын республикалық базаға енгізуге қатысу, мекеме тазалығы, аумақ тазалығы

750 хабарлама,1500 журналға тіркеу, 6000 базаға енгізу

12

12

жергілікті бюджет

12

«Аягөз қаласы және Аягөз ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Тұрғын үй иелеріне кіріп аралау, сұраулар жүргізу, құжаттармен жұмыс жасауда көмек

Қала тұрғынға қызмет көрсету

32

32

жергілікті бюджет

13

«Аягөз аудандық статистика басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу,статистикалық есепті енгізуде және дайындауда көмектесу, мұрағат құжаттарына көмектесу, хат-хабарларды жеткізу

Ағымдағы құжаттармен жұмыс істеу 45 құжат, статистикалық есепті енгізу және дайындау 250 құжат,хат-хабарлар жеткізу 50 құжат

8

8

жергілікті бюджет

14

«Аягөз аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны(келісім бойынша)

Зейнетақыға керекті құжаттар және зейнетақыны есептеу жұмыстарына көмектесу, экология макеті түгендеу жұмыстарына көмектесу, ағымдағы және мұрағат құжаттарына, құжаттарды тарату

480 зейнетақы ісі 1530 іс-құжат, 10 макет

8

8

жергілікті бюджет

15

«Аягөз аймағы бойынша қаржы полициясы ауданаралық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мекеме тазалығы, аумақ тазалығы

Тазаланатын аула көлемі 100 шаршы метр

4

4

жергілікті бюджет

16

«Аягөз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Іс қағаздарды номенклатура бойынша жинауға және өңдеуге көмектесу, хат хабарларды жеткізу

150 құжат, 600 дана хаттар

2

2

жергілікті бюджет

17

«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Іс қағаздарды номенклатура бойынша жинауға және өңдеуге көмектесу,хат хабарларды жеткізу

150 құжат, 500 дана хаттар

2

2

жергілікті бюджет

18

«Аягөз ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Электрондық базасына арналған құжаттарды өңдеуге қатысуда көмектесу

3012 - құжат

16

16

жергілікті бюджет

19

«Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

50 - 60 құжат

4

4

жергілікті бюджет

20

«Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Электрондық базасына арналған құжаттарды өңдеуге қатысуда көмектесу

480 - құжат

4

4

жергілікті бюджет

21

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша)

Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

50 - 60 құжат

4

4

жергілікті бюджет

22

«Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аумақ тазалығы,ағымдық жөндеу жұмыстары

Қоғамдық науқандық жұмыстар

1

1

жергілікті бюджет

23

«Аягөз аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Іс қағаздарды номенклатура бойынша жинауға және өңдеуге көмектесу, хат хабарларды жеткізу

900 - хат-хабарларды жеткізу

4

4

жергілікті бюджет

24

«Аягөз аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Іс қағаздарды номенклатура бойынша жинауға және өңдеуге көмектесу мұрағат құжаттарына көмектесу, хат-хабарларды жеткізу

50 - 60 құжат, 800-хаттар

2

2

жергілікті бюджет

25

«Аягөз аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Ағымдағы құжаттармен жұмыс істеу, өтініштер - 1500

4

4

жергілікті бюджет

26

«Аягөз аудандық прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі

Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу

Ағымдағы құжаттармен жұмыс істеу, өтініштер - 800

1

1

жергілікті бюджет


Барлығы



550

550


      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күні беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс жағдайларын қорытындылай келе, жұмыс уақытын ұйымдастырудың тиімді түрлері қолданылады. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескере отырып белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа зиян келтіру немесе мертіктіру салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады