Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое ауданының әкімі аппаратының 16.04.2013 N 1700-02-10 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағының негізінде, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылға арналған нысаналы топтарды анықтау туралы» Глубокое аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 05 қаңтардағы № 1517 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 01 ақпанда 5-9-161 нөмірімен тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 11 санында, «Ақ Бұлақ» газетінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 11 санында жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі Н. Шерубаев