Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 28.03.2013 N 1519 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14), 14-3) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық–атқару инcпекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.И. Тожыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Зайнулдин