РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35 бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Қаратал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үлкен-Қаратал ауылындағы атауы жоқ көшеге Мәутен Қалимолдин есімі берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің
әкімінің міндетін атқарушы Е. Адибаев