Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1609 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2839 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 4 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімі аппаратының басшысы С.С. Винивитинге жүктелсін.
Зырян ауданының әкімі | А. Кәрімов |