РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Бобровка және Теплый Ключ елді мекендерінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, Парыгино селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Келесі көшелерге төмендегідей атау берілсін:
Бобровка елді мекенінің орталығында орналасқан атауы жоқ көшеге - Таежный;
Теплый Ключ елді мекенінің орталығында орналасқан атауы жоқ көшеге - Луговой.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Парыгино селолық
округінің әкімі Т. Владимирова