Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы Северное селолық округінің Ермаковка ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Северное селолық округі әкімінің 2012 жылғы 29 мамырдағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 маусымда N 5-12-144 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ермаковка ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Северное селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ермаковка ауылының атаусыз көшелеріне төмендегідей атау берілсін:
      «Иртышская» атауы - Ермаковка ауылындағы Ертіс өзенін жағалай батыстан шығысқа қарай орналасқан атаусыз көшеге;
      «Достық» атауы – Ермаковка ауылындағы Иртышская көшесіне қатарлас орналасқан атаусыз көшеге.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Северное селолық округі әкімі              Ғ. Воробьева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады