Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 27.08.2014 N 604 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Еңбек нарығындағы жағдайдың және жұмыспен қамту аясында қосымша мемлекеттік кепілдемені қамтамасыз ету есебімен жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы, 7-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Катонқарағай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Катонқарағай ауданы тұрғындарының келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
5) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
6) мүгедектер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
9) оралмандар;
10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
11) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
12) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
13) елу жастан асқан тұлғалар;
14) мектептерді, кәсіби оқу орындарын, жоғары оқу орындарын бітірген түлектер;
15) есірткіге құмар азаматтар;
16) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
17) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
18) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012.11.15 № 1142 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г. Қ. Болғамбаева) тұрғындардың нысаналы тобына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту жөніндегі шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Рақышева