2012 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы N 732 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 11 сәуірде N 5-13-124 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы N 1296 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 12.03.2013 N 1296 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27283031-баптарына «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2012 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 274 Жарлығына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2012 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтар, 2012 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. «Катонқарағай ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Д.К. Молдажановқа және «Катонқарағай ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры А.Ш. Қадырбаевқа төмендегі ұсынылсын:
      1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;
      2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде әскери қызметке шақырылатындардың денсаулығын және стационарлық тексерілуін өткізу үшін бос орындар ұстау;
      3) шақырылушылардың уақытылы және сапалы түрде медициналық тексерілуін бақылауға алу.
      3. Ауылдық округ әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      4. «Катонқарағай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.С. Қолдыбаевқа төмендегі ұсынылсын:
      1) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздеу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу;
      2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде, шақыру  учаскесінде және облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылушыларды аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                А. Бекбосынов

      Келісілді:

      Катонқарағай ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімінің бастығы                          А. Қаңтарбаев

      19 наурыз 2012 жыл

      Катонқарағай ауданының
      iшкi iстер бөлiмiнің бастығы               Т.С. Қолдыбаев

      19 наурыз 2012 жыл

      «Катонқарағай ауданының
      № 1 медициналық бірлестігі»
      коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының директоры           Д.К. Молдажанов

      19 наурыз 2012 жыл

      «Катонқарағай ауданының
      № 2 медициналық бірлестігі»
      коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының директоры           А.Ш. Қадырбаев

      19 наурыз 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады