Солдатово ауылдық округі елді мекенінің көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солдатово ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 14 наурыздағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 наурызда N 5-13-121 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы, 2–тармағы, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Солдатово ауылының тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Солдатово ауылындағы көше атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      1) Ленин көшесі - «Астана» көшесіне;
      2) Советская көшесі – «Тәуелсіздік» көшесіне;
      3) Комсомольская көшесі - «Достық» көшесіне;
      4) Молодежная көшесі - «Жастар» көшесіне;
      5) Юбилейная көшесі - «Мереке» көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Қ. Мамиеваға жүктелсiн.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Округ әкімі                                Н. Сивицкая

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады