Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Күршім ауданы әкімінің аппаратының 2012.05.11 N 01-04/1688 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 1, 2 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге алуы жүргізілсін.
2. «Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры М.Б. Блейменовқа және «Күршім ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры К.С. Кузьменкоға ұсынылсын:
1) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін қажетті мөлшерде дәрігер мамандарды және орта буын медициналық қызметкерлерді бөлу;
2) азаматтардың кеуде мүшелерін флюорографиялық тексеру, кардиологиялық және басқа тексеру түрлерінің қабылдануын ұйымдастыру;
3) әскерге шақыру жасына дейінгілерді тексеру және емдеуді қамтамасыз ету.
3. Ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік білім мекемелерінің басшылары ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскерге шақыру жасына дейінгілерді шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
4. Күршім ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы А.Қ. Әбілмәжіновқа медициналық комиссия жұмысы кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің хабарландыруы бойынша тіркеуден бас тартқан азаматтарды іздестіру және шақыру учаскесіне жеткізуге жәрдемдесу ұсынылсын.
5. Күршім ауданының білім беру бөлімінің бастығы Ә.Қ Қосамбеков ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы С. Т. Қизатаевқа (келісім бойынша) тіркеуге алу кезінде әскери-оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеуге қолдау көрсетсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі А. Сеитов
КЕЛІСІЛДІ:
Күршім ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығының
міндетін уақытша атқарушы С. Қизатаев
23.01.2012 ж.
Күршім ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы А. Әбілмәжінов
23.01.2012 ж.
«Күршім ауданының № 1 медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры М. Блейменов
23.01.2012 ж.
«Күршім ауданының № 2 медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры К. Кузьменко
23.01.2012 ж.