Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013.01.16 N 15 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Көкпектi ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Көкпекті ауданы мәслихатының № 9 Казнаковка сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін:
Казнаковка ауылындағы «Жалын» дүкенінің ғимаратының жанында;
Көкжыра ауылындағы мектеп ғимаратының жанында;
Мариногорка ауылындағы селолық клуб ғимаратының және мектеп ғимаратының жанында;
Малоросийка ауылындағы мектеп ғимаратының жанында;
Московка ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.А. Кемербаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауданы әкімі Д. Мусин
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы А. Әкімова
2012 жылғы 07 қыркүйек