РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Биғаш селолық округі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
Атаулары жоқ көшелерге мынандай атаулар берілсін:
1. «Егінбұлақ» ауылындағы атауы жоқ көшеге – «Егінбұлақ» атауы.
2. «Қарғалы» ауылындағы атауы жоқ көшеге – «Қарғалы» атауы.
3. «Комсомол» ауылындағы атауы жоқ көшеге – «Азаттық» атауы.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Г. Исмаилхаджиеваға жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Биғаш селолық округі әкімі Р. Наурызбаева